in the future - u will be able to do some more stuff here,,,!! like pat catgirl- i mean um yeah... for now u can only see others's posts :c
ҚАРЖЫ ОМБУДСМЕНІ ПАЙДА БОЛАТЫН БОЛДЫ
Клімізде 2024 жылдың 21 желтоқсанынан бастап микроқаржы омбудсмені – микроқаржы ұйымдарымен даулар бойынша азаматтардың құқықтарын тегін қорғаудың жаңа институты жұмысын бастайды.
Олардың қызметі - шағын несиелер бойынша дауларды, мерзімі өткен қарыздарды және өндіріп алушылармен жанжалдарды сотсыз шешу.
13 - 0
Құрметті отандастар, Шымкенттегі “СУ РЕСУРСТАРЫ МАРКЕТИНГ” ЖШС-н МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРУДЫ ТАЛАП ЕТЕМІЗ! деген петициямыз қабылданып, жалпы жарияға шықты.
Ендігі кезек сіздерден көмек күтеміз,.
Бәріміз бір болып, мемлекет меншігіне, жекенің қолында кеткен, халық меншігін қайтаруға ат салысайық.
Мына төмендегі көрсетілген сілтемемен кіріп қол қоюларыңызды өтінемін.
Бір қайран қалғаным, неге барлық делік елдегі петициялар тіпті ұйымдастырушылардың өздерінің қолымен тек орыс тілінде ғана жарияланған?
Қазақша жазсам қолдаусыз қалармын деп қорыққаннанба?
epetition.kz/petition/2237203e-5321-47ad-bf6b-5dee…
75 - 20
Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, «Парасат» орденінің иегері атанды.
Ғабеке ассалаумағалейкум,
Парасат орденінің иегері атануыңыз құтты болсын.
Парасат ордені, парасаттылық қасиеті бар адамға, яғни бойында ақылдылық пен білімпаздық, мәдениеттілік пен көрегенділік, және де зерделілік сияқты қасиеті бар адамға берілгені, ол Мемлекет басшымыздың, өзі қандай парасатты болса, сіздіде сондай адам деп жоғары бағалағанына біз Шымкент қаласы тұрғындары атынан, және жеке өз атымнан, Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға алғысымызды білдіргіміз келеді.
Ғабеке, әділдік жолында, әділетсіздкпен күресіңізде тек жеңіске жете беруіңізді тілеймін.
Қажымай қайрат етіп, халықтың бар мұқтажының бәрын шешуге, ары қарайда ат салысып, қаламызды көркемдетіп, жайнатып, қала тұрғындарына, Шымкентті ең қолайлы елді мекен етіп, қолдан келгенше бәрінің өмір сапасын жоғары етіп, Шым қаланы өркениетті етіп дамыта беруіңізге тілектес болып қана қоймай, барша тұрғындар болып жарқын болашаққты бірге құруда, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға дайынбыз дегім келеді Ғабеке
Қала тұрғындары, құтты болсын Парасат өрдені, Мемлекет басшымыз, ол жалғыз Ғабит әкімімізге емес, бәрімізге, барша қала тұрғындарына көрсеткен жоғары құрметі деп сенемін.
Жарқын болашақ жолында, үмітімізді үзбейік, Әділетті Қазақстан үшінгі жан кешті күресімізді, қажырлы еңбегімізбен көрсетейік.
Мүмкіндікті қолдан жіберіп қоймайық
Залымдарда әрекетсіз қалмайды
Зұлымдықты көре тұра, қол қусырып, енжарлық танытып бос отыра беруге болмайды.
Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстан құру жолында, бағымызға орай, таза, әділ, пәре қорлықтан аулақ, сыбайластыққа жаны жат, әкім бұйырған екен бізге, ол кісінің мүмкіндігін, шымкенттіктерге деген сүйіспеншілігін, ақиқат жолында толық пайдалана білейік
Бахытжан Копбаев
348 - 53
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Абай ауданының әкімі Сұлтанхан Шәкір Асылханұлының «Абай ауданының 2024 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
international.kz/1578-abaj-audanyny-2024-zhyly-9-a…
8 - 0
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Әл-Фараби ауданының әкімі Мыңбаев Рашид Мамытұлының «Әл-Фараби ауданының 2024 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
international.kz/1579-l-farabi-audanyny-2024-zhyly…
20 - 0
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Түркістан сарайында» орналасқан сайлау учаскесінде АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс беруге қатысты.
international.kz/1547-shymkent-km-ajes-salu-mseles…
41 - 6
12 тамызда аталып өтетін Халықаралық жастар күні орай
Негізгі тезистер:
1. жаңа дауыстардың естілуіне мүмкіндік беру
2. көлеңкеде қалғандар үшін нақты мақсаттармен бөлісу және ымыраға келу
3. цинизмге әлі тоймаған адамдардың призмасы арқылы болашақты көруге мүмкіндік беру
4. жастардың не істеуі керек деп ойлайтыны туралы нұсқау беретін идеяларды беруге аз уақыт жұмсау керек және әлемді өмір сүруге қолайлы орынға айналдыру керек
international.kz/1408-halyaraly-zhastar-kn.html
35 - 1
Ойпырмай жеттікпей?
Қазақстандықтардың ең төменгі жалақысы 130 мың теңге болуы мүмкін
international.kz/1402-ojpyrmaj-zhettkpej-azastandy…
76 - 8
18 шілдеде Орал қаласында Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жоспары талқыланды.
Оралда атом энергетикасын дамытудың перспективалары талқыланды
18 шілдеде Орал қаласында Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жоспары талқыланды.
Шараға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы билік органдары мен қоғамдық кеңестердің, табиғатты қорғау ұйымдарының өкілдері, энергетика саласындағы жетекші мамандар, ғалымдар мен облыс орталығының белсенді тұрғындары жиналып, АЭС құрылысына қатысты өз пікірлерін білдірді.
Ұйымдастырушы – облыстық Қоғамдық кеңесі сарапшылар ретінде Энергетика министрлігі, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, Ұлттық ядролық орталық және Ядролық физика институтының өкілдерін шақырған болатын.
Баяндамалар барысында шақырылған спикерлер Қазақстандағы атом энергетикасын дамытудың жоспарлары мен перспективаларымен, сондай-ақ атом электр станциясы құрылысының қауіпсіздігі, экологиялық тазалығы және экономикалық тиімділігі мәселелерімен таныстырды.
Экологиялық ұйымдардың өкілдері мен жергілікті тұрғындар АЭС құрылысы туралы өз пікірлерімен бөлісті және спикерлермен оның қоршаған ортаға әсері мәселелерін талқылады. Кейбір қатысушыларды пайдаланылған ядролық отынды қайта кәдеге жарату және сақтау, атом электр станцияларын салу және оларға техникалық қызмет көрсету үшін мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі, АЭС саушы компаниясын таңдау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету және осынау ауқымды жоба асыру аясында туындайтын басқа да әлеуметтік-экономикалық аспектілер қызықтырды.
«Жалпы, көптеген адамдар атом электр станциясының қауіптілігі туралы айтады. Алайда, әлемнің көптеген елдерінде атом энергиясы белсенді қолданылады. Мысалы, Францияда барлық электр энергиясының 72% -ы атом электр станциялары өндіреді. Күн сайын жер сілкінісі болатын Жапонияда электр энергиясының 40%-ын атом электр станциялары өндіреді. Әлемдік нарыққа шығу үшін әлемдік жеткізушілер өз технологияларын сенімді етуге тырысады. Жаңа станциялардың сенімділігі мен беріктігі артып келеді, осыған байланысты Қазақстанда АЭС салу қажет болады. Осылайша, келесі бағыт атом энергиясын пайдалану болуы керек» - деп атап өтті Зейнеткер эколог Тоғжанов Орынбасар.
«Мен кез келген резервтік баламалы энергия көзін қолдаймын. Мен 90-шы жылдары өскен адаммын. Бірақ сол кезде басқа жағдайлар, басқа өмір болды. Қазір біз электр энергиясына қатты тәуелдіміз. Белсенді цифрландыру жүріп жатыр гаджеттер мен мысалы, egov сияқты порталдарды пайдалану үшін бізге электр қуаты қажет. Қыста біздің қалада бораннан кейін бірнеше күн бойы жарық болмады, сондықтан жарықсыз су да, жылу да болмады. Біз мұндай жағдайда өмір сүру қаншалықты қиын екенін көрдік. Сондықтан, егер біз жақын арада электр қуатының жетіспеушілігін болжасақ және ештеңе жасамасақ, бұл қорқынышты болады. Біз ондай жағдайда бірнеше күн өткіздік. Мен Қазақстанда АЭС құрылысын барлық экологиялық нормаларды сақтай отырып қолдаймын, егер бұл мәселе халық арасында талқыланып, барлық тәуекелдер пысықталса» - деп қосты аудандық БАҚ өкілі Мария Пирог.
Шақырылған сарапшылар болса, алаңдауға негіз жоқ деп атап өтті, атом электр станцияларын салу үшін қарастырылып жатқан технологиялар – 3 немесе 3+ буын реакторлары – қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап береді және экономикалық көрсеткіштері жағынан әлдеқайда жақсартылған. Ал бұл дәстүрлі жылу электр станцияларымен салыстырғанда, атмосфераға CO2 шығарындыларын аз мөлшерде бөлінуін және радиациялық фонның болмауын білдіреді.
29 - 19