in the future - u will be able to do some more stuff here,,,!! like pat catgirl- i mean um yeah... for now u can only see others's posts :c
Тарихи сәт. 2024 жыл, 8-желтоқсан. Дамашықта Сирия әскері қаруын тастап, беріліп жатыр. Сириялық сарбаздар мыңдап Ирак жеріне өтіп кетті. Асад қашып кетті.
Сирияда бүгін түнде Ил-76 ұшағы атып түсірілген еді. Ұшақ Ливан шекарасына жақын маңға құлаған. Кей ақпарат көздері ұшақта Сирия президенті Башар Асад болуы мүмкін дегенді айтуда. Бірақ ақпарат әлі нақты емес. Асадтың өлі-тірісі шындығында енді маңызды емес.
Қысқасы, АСАД РЕЖИМІ ҚҰЛАДЫ.
Сирия, Украина соғысынан түрлі ақпаратты телеграмнан оқып, видеоларын көре аласыз⬇️
t.me/paranoiakz
898 - 97
Германияның Барлау қызметінің басшысы Ресейдің Балтық елдері мен Шпицбергенге қаупі жайлы айтты. Ол шабуыл сценарийін болжады. Ол қалай іске аспақ?
Саясаттанушы Бернарас 2007 жылдың 26-27 сәуірінде Ресейдің Эстонияда гибридті шабуыл ұйымдастыруға тырысқанын айтты. Толығырақ⬇️
mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=6042
470 - 7
Солтүстік Корея Ресейге көлемді көмек көрсетуде. Мысалы Солтүстік Корея Ресейге кемі 100 дана M-1989 Koksan гаубицасы мен M-1991 зымыран қондырғыларын жеткізген.
Бұл қару түрлері жайлы не белгілі? Ресей оны қалай қолданбақ?
Солтүстік Корея неге аталған гаубицамен Сеулді қорқытуда? Толығырақ⬇️
mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=6015
464 - 18
Axios: Израиль мен Ливан ұрыс қимылдарын тоқтатуға қатысты алдын-ала келісімнің мәтінін бекітті. Келісім 36 сағаттың ішінде күшіне енуі мүмкін. Келісімнің қысқаша мәтіні:
- АҚШ басшылығымен келісімнің орындалуын қадағалайтын арнайы мониторинг комитеті құрылады.
- “Хезболла” Литани өзенінің арғы жағалауына әскерін әкетеді. “Хезболла” Израиль шекарасына 30 шақырымнан артық жақындамайды. Ал осыған дейін “Хезболла” тұрған позицияларға Ливанның тұрақты әскері орналастырылады.
- “Хезболла” Литани өзенінің арғы жағалауына шегінген соң, Израиль Ливаннан өз әскерін шығара бастайды.
- Аталған іс-әрекеттер 60 күннің ішінде толық орындалуы шарт.
671 - 27
Путин Ресей халқына үндеу жасады.
“Батыстың алыс қашықтыққа соққы жасайтын зымырандарын Ресей аумағына қарсы қолдануға жауап берудеміз. 21 қарашада Украинаның Днепрін “Орешник” атты жаңа баллистикалық зымыранмен атқыладық. Шабуылға ядросыз оқтұмсық қолданылды. Бұл біздің жауабымыз.
Еуропа елдерінде “Орешник” зымыранын қағып түсірер әуе қорғаныс жүйесі жоқ. Зымыран секундына 2-3 шақырымды еңсеретін жылдамдықпен ұшады. Оны әуе қорғаныс жүйелері қағып түсіре алмайды.
“Орешник” сынды зымырандарды қолдануда халықты алдын-ала ескертетін боламыз”, - дейді.
443 - 110
Зеленский Радада соғысты әскери және саяси жолмен жалғастырудың жоспарын таныстырды.
- Украина мобилизациялық жасты төмендетпейді.
- Әскери бригадаларды қамтамасыз етуге бөлінетін қаражат көбейтіледі.
- 2025 жылдың наурыз айында зейнетақыны инфляцияға байланысты индексация жасайтын боламыз.
- Украинада «Украинаны біріктіру министрлігі» құрылады. Жыл соңына дейін министрдің кандидатурасы бекітілмек.
- Жыл соңына дейін Украина елшілері өз қызметтерін қайта бастайды. G7-дағы кей елшілерімізді алмастыратын боламыз.
- Соғысқа қатысты шешуші кезең 2025 жылы болады. Біз өзіміздің аумақтарымызға иелік ету құқығынан бас тартпаймыз. Біз суверенитет пен территориямызды саудаға салғымыз келмейді. Бұл біз үшін ғана емес, әлем үшін де қауіпті. Екінші дүниежүзілік соғыс Гитлердің талаптарына көне беруден басталды.
- Алдағы жылы біз 3 мың қанатты зымыран мен 30 мың алыс қашықтыққа ұшатын дрон шығаруға тиіспіз. Биыл 100 дана «Нептун» зымыранын шығардық. Ресей жеріндегі бірнеше нысанды дәл осы зымыранмен жойдық.
1.2K - 45
New York Times: Байден Украинаға Ресейдің заңды аумағын ATACMS зымырандарымен атқылауға рұқсат етті. Бұл Солтүстік Кореяның соғысқа араласқанына жауап ретінде қабылданған шешім.
CNN: Пентагон Украинаға уәде етілген көмекті Трамп билікке келгенге дейін жеткізіп үлгермек. Оның ішінде ATACMS зымырандары да болады.
Француздың Le Figaro газеті былай дейді: АҚШ президенті Джо Байденнің шешімінен кейін, Франция мен Ұлыбритания елі де Storm shadow/Scalp зымырандарымен Ресей аумағын атқылауға рұқсат етті.
AFP: Макрон Шольц сияқты Путинмен телефон арқылы сөйлесу жоспары жоғын айтты. Макронның ойынша Путинге бейбітшілік қажет емес.
Естеріңізде болса, Путин екі ай бұрын алыс қашықтыққа соққы жасайтын зымырандармен Ресей аумағын атқылауға рұқсат ету, НАТО-ның соғысқа тікелей қатысуы ретінде қабылданып, қатаң жауап болатынын айтқан.
Айтпақшы, телеграмда t.me/paranoiakz арнасына жазылып, көптеген жаңалықты оқи аласыз.
1.1K - 66
The Times: АҚШ тарапынан әскери көмек тоқтатылса, Украина бірнеше айдың ішінде қарапайым ядролық бомбаны жасап шыға алады. 1945 жылы АҚШ әскері Нагасакиге тастаған “Толстяк” бомбасы қарапайым технологиямен жасалды. Киевке қазіргі таңда дәл сондай бомбаны жасау аса қиынға соқпас еді. Қажетті плутонийді ядролық реакторда қолданған жанармайдан алуға болады. Украина реакторларында 7 тоннаға жуық плутоний бар. Бұл кемі жүзден астам кіші ядролық бомба жасауға жеткілікті.
WP: Украина 1000 шақырымға жететін баллистикалық зымыранын жасауға жақын қалды. Кей дерек бойынша жабық сынама да өткізіп үлгерген.
Әлемнің түрлі ақпаратын, жаңалықтарын білу үшін телеграмға жазылыңыз. Сілтеме: t.me/paranoiakz
643 - 36
Трамптың қайта оралуы Иранға қаншалықты қауіпті?…
Маусым айында Трамп былай деді: «Байден билігі Иранға емін-еркін мұнай сатып, ядролық бағдарламасын жалғастыруға мүмкіндік беріп отыр. Мұнай сату арқылы Иран қаржы тауып, Таяу Шығыстағы түрлі топтарды қаржыландырып келеді. Иранның қолы Йемен, Ливан, Ирак және Сирияда ұзарды. Хезболлаға жыл сайын 700 млн доллар қаржы беруде, ал ХАМАС-қа 100 млн доллар аударуда. Осының бәріне Байден билігі көз жұма қарап отыр. Егер мен президент болсам, Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс та, Таяу Шығыстағы қазіргі қақтығыс та болмас еді. Өйткені мен Иранның тынысын тарылтар едім», - деді.
Трамп тізгінді қолға алғанда, Иранға қарсы қандай әрекеттер жасайды? Толығырақ⬇️
mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5939
430 - 30
Трамп АҚШ-тың президенті болды деуге болатын шығар. Құбылмалы штаттардың көбінде алға шықты. Арнайы сайлаушылардың (выборщик) қажетті дауысын жинады. Харристің мүмкіндігі өте аз, жоқ деуге де болады.
422 - 42
Армысың Алаш баласы! Саясат, дағдарыстар, соғыс және басқа жаһандық жаңалықтан бірге хабардар болайық. Айтайық, талдайық.