Баршаңызға сәлем! Менің есімім Айдана! Өзімнің каналымда ерекше дәмді және авторлық рецепттеріммен бөлісемін. Менің каналымнан тәтті торттардың, соның ішінде “Вупи пай”, “Молочная девочка”, “Сникерс”, “Қызыл бархат” секілді т.б. торттардың оригиналды рецепттерін таба аласыздар. Каналымда таңғы ас, кешкі асқа арналған тағам түрлері де бар. Сіздерге ас дайындауда көмегім тиіп жатса қуанамын! Менің видеоларымды әрдайым жіберіп алмас үшін Тіркеліп қоюды ұмытпаңыздар!