Atyrau Nomads саяхат клубымыздың мақсатымыз - еліміздің әсем табиғатын тамашалау және ата-бабамыздың бізге қалдырған тарихы мен мирасын дәріптеу болып табылады. Осындай табиғи, рухани байлықтарымызды жастарымыз да көріп, аялып, қастерлеп ұстауы арқылы отанымызға деген сүйіспеншілігін арттыру. Біз саяхаттың жаңа форматын ұсынамыз, ел-жер аралай жүре көңіл көтереміз, бір-бірімізбен танысып, нетворкинг құрамыз.
Клубымыздың басты ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ:
- Саяхатымыз әрқашанда тазалықпен ұштасады. Барған жүрген жерлерімізді ластамай, қосымша тазалап кетеміз
- Саяхатымызда арақ-шарап, сыра секілді ойды бұзатын, мазаны келтіретін заттарға қатаң тиым салынады
- Саяхатымызда ешкім ешкімге дөрекі сөз, көтере алмайтын әзіл, харасмент жасау қатаң тиым салынады
- Жастарға, әсіресе балаларымызды ерте жүре, саяхаттау арқылы олардың табиғат пен тарихқа деген сүйісеншілігін арттыру