Амансыздар ма? Менің есімім Мейрамкул! Тамақтану мәдениеті - қалыпты тамақтану, тағамдардың әртүрлі болуы, қажетті мөлшерде ішіп-жеу. Дастарқанға қойылған тағамның қалай пісіріліп дайындалғанының, тартымдылығы мен дәмділігінің айрықша маңызы бар. Денсаулықтың жақсы болуы адамның дұрыс тамақтануына байланысты. Ежелгі грек данышпаны Сократ: "Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, қайта өмір сүру үшін тамақ ішеміз", - деген екен.
Канал ашудағы мақсатым – тамақты дәмді дайындауды, оны тиімді ұйымдастыруды, азықты толық пайдалануды және дұрыс сақтауды, тағамды сәнді әшекейлеуді бөлісу.
Менің каналымда таңғы ас, түскі ас, кешкі асқа арналған ерекше тағам түрлері бар. Сіздерге ас дайындауда көмегім тиіп жатса қуанамын! Пайдалы тағам түрлерін дайындаған видеоларымды жіберіп алмас үшін Тіркеліп қоюды ұмытпаңыздар!