Channel Avatar

Daguat KZ @UC51GfakXYbutbVyeSkr-tsg@youtube.com

153K subscribers - no pronouns :c

"НҰРЛЫ ДАҒУАТ" Рухани-ағарту порталы


Welcoem to posts!!

in the future - u will be able to do some more stuff here,,,!! like pat catgirl- i mean um yeah... for now u can only see others's posts :c

Daguat KZ
Posted 1 week ago

700 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әлеуметтік желіде жала жапқаны үшін Б есімді азаматқа қатысты істі қарады.

Құқық бұзушы әлеуметтік желіге зәулім үйдің видеоролигін жариялап, ол үйдің халықтың қайырымдылыққа берген қаражатына салынғанын, оның Астана қаласының бас имамына тиесілі екенін айтқан.

Сол арқылы әлеуметтік желіде басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәлімет таратқан.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, үйдің кімге тиесілі екенін, оның қандай қаражатқа салынғаны белгісіз екенін түсіндірді, бейнероликті тек көру үшін жариялағанын айтып, өкініш білдірді. Жәбірленуші құқық бұзушыны заң бойынша жазалауды сұрады.

Сот жаза тағайындау барысында құқық бұзушының кінәсін мойындағанын, шын жүректен өкінгенін ескерді. Құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 180 АЕК (707 760 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

64 - 19

Daguat KZ
Posted 2 weeks ago

1931 жылы жазда Баянауыл елінде ұрпағы Шорманның Мұсасына үлкен ас беріп, соған Шыңғыстаудан Шәкәрім қажы келіпті.

Шәкәрім құрдасы Мәшһүр Жүсіптен: «Мына жаңа заман қалай болады?»- деп сұрайды.

Мәшһүр Жүсіп: «Бұл – аласапыран заман. Бұл – социализм деген заман, мағынасы құдайсыздар қоғамы деген, дүниекезек деген бар емес пе, бір кезде – Құдай деген құстай ұшады дедік, енді Құдай деген, мұрттай ұшатын заман болады, көрешек алда. Тірі қалғаның көресің. Шәкәрім, жағдай осылай», – деген екен.

Мұса асынан кейін төрт күн елде қонақ болып, енді қайтам деген досы Шәкәрім қажыға Мәшһүр Жүсіп айтқан екен: «Аз ғана уақыт, төрт-ақ күн бірге болдық. Бұл екеуміздің ақырғы кездесуіміз болар, жас та келді, тағдыр да жақын. Дүние көшкен керуен ғой, дүниеге бірге келдік, бірге жүрдік. Енді сол керуенімізбен бірге кетуіміз керек қой. Біріміздің ажалымыз Алладан болар, біріміздің ажалымыз адамнан болар. Жас та келді, тағдыр да жақын. Қош сау бол!» – деп, қош айтысып аттанады.

Екеуінің туған жылы да, өткен жылы да бір екен: 1858-1931 жылдар аралығында өмір сүрген. Мәшһүр әулиенің айтқаны келіп, өзі сол жылы 27 қарашада өз ажалынан өледі, ал Шәкәрім қажыны күз ортасында Шыңғыстауда А.Қарасартов бастаған «ГПУ-дың» жендеттері атып, сол маңдағы құдыққа тастап кеткен.

«Мәшһүр Жүсіп Көпеев» кітабындағы Төлепберген Алдабергеновтің жазбасынан.

200 - 2

Daguat KZ
Posted 3 weeks ago

Аты шулы Құран өртегішті өз үйінде атып кетті..

Швецияға Ирактан ауып келіп, босқын мәртебесін алған Салуан Момика есімді 38 жастағы еркекті өз үйінде атып кеткен. Ол 2023 жылы Стокголм қаласының қақ ортасындағы Медборярплатсен алаңында және басқа да жерлерінде бірнеше рет қасиетті Құранды өртеп, аты шыққан еді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде SVT Nyheter ақпарат көзіне жөн сілтеген lenta.ru агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Қаңтар айының 30-ы күні Стокголмнің округтық соты дінаралық араздықты қоздырды деген айыппен ирактық босқынның ісін қарастыруы тиіс болатын, алайда, «айыпталушылардың бірінің қазасына» байланысты бұл істі қарауды кейінге шегерген еді. Кей ақпарат бойынша оқиға орын алатын кезде ол әлеуметтік желіде тікелей трансляция жүргізген дейді lenta.ru.

«Көпшілік алдында бірнеше рет Құран өртеуімен танымал болған Ирак азаматы Салван Момиканы Швецияның Сёдерталье қаласында атып өлтірді» деп жазады rbc.ru ақпараттық интернет порталы.

Стокгольм полициясысының баспасөз қызметі оқиға орнында шамамен 40 жастағы ер адамның пәтерде оқ тиіп, ауруханаға жеткізілгендігін және оның ауруханада қайтыс болғандығын хабарлаған. Ақбарларға қарағанда оны TikTok арнасында тікелей эфир кезінде атып кеткен. Осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталған.

islam.kz

219 - 27

Daguat KZ
Posted 3 weeks ago

Жұма күні мұсылманның жасар ең жақсы амалы — садақа беру болып табылады. Мұсылманды сипаттайтын ең жақсы қасиеттер — аяушылық пен мейірімділік, осы қасиеттері арқылы ол Аллаға деген разылығы мен шүкірлігін таныта алады. Жомарттық туралы былай айтылған:

«Сараң – Алладан да, Жұмақтан да, адамдардан да алыс, бірақ Тозақ отына жақын. Жомарт – Аллаға да, Жұмаққа да, адамдарға да жақын, бірақ Тозақ отынан алыс» (Тирмизи).

«Жомарттық – тамыры Жұмақта, ал бұтақтары осы дүниеде болатын ағаш. Бұтақтарынан ұстанғандарды ағаштың тамыры Жұмаққа алып барады. Сараңдық – тамыры Тозақта, бұтақтары осы дүниеде болатын ағаш. Бұтақтарынан ұстанғандарды ағаштың тамыры Тозаққа алып барады» (Байхаки).

Садақа беретін адам неге қол жеткізеді?

«Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар» (3:92).

«Уа, Алла, садақа берушінің мүлігін тезірек арттыра гөр, ал сараңның мүлігінің бүлінуін тездете гөр» (Байхаки).

Реквизиттер:

🔴 Kaspi 8-771-579-69-46 Дарико Б
💳 5169 4971 4338 0420
🟡 Qiwi және Билайн бірлік ретінде 8-771-579-69-46

❗️Қайырымдылық қордың атқарылып жатқан жұмыстарымен @salsabilqory Инстаграм парақшасында таныса аласыздар

116 - 1

Daguat KZ
Posted 1 month ago

"Біз Алладан келдік, және Аллаға қайтамыз..."

(Бақара, 156-аят)

274 - 8

Daguat KZ
Posted 1 month ago

Абдулла ибн Амрден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі ﷺ былай деген: «Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы ата-ананың ашуында» [Тирмизи].

17 - 0

Daguat KZ
Posted 1 month ago

Наурызбай қажы Тағанұлы бас мүфти болып қайта сайланды

Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандарының Х құрылтайына қатысқан «Aqparat» тілшісі хабарлады.

Айта кетейік, Наурызбай қажы Тағанұлы 2020 жылы Бас мүфти болып сайланған.

173 - 24

Daguat KZ
Posted 2 months ago

Әссәламу ъалейкум!

Баршаңызды шын жүректен Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Бүгінгі Тәуелсіздік күні – халқымыз үшін асқақ рух пен айрықша маңызға ие мереке.
Бұл күн – азаттық жолында күрескен ата-бабаларымыздың қасиетті аманаты, ұрпақтар мақтанышы.

Тәуелсіздікке жету – үлкен ерлік, оны сақтау – баршамыздың парызымыз.

Әрқашан еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Көк байрағымыз мәңгілік желбіреп, бейбітшілік пен бірлік жолындағы қадамдарымыз сәтті болғай!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз ғұмырлы болсын!

177 - 7

Daguat KZ
Posted 2 months ago

1900 жылы Үндістанда салынған Мекке мен Медина суреті. “Кристис” аукцион үйінде сақталуда.

210 - 1

Daguat KZ
Posted 3 months ago

Бір жағдайдың үнемі жалғаса беруі мүмкін емес. Жақсылық, кеңшілікті күту – ғибадаттың ең абзалы. Ендеше сіз сол жақсылықты сабырмен күтіңіз де, Алладан жәрдем сұрайтын мына дұғаны оқыңыз. Әбу Умам (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаға көптеген дұғалар жасайтын да, оларды біз есімізде сақтай алмайтынбыз, сосын бірде біз оған: «Я, Алланың Елшісі, сен Аллаға көптеген дұға жасап, оларды біз есімізде сақтай алмадық!», – дедік. Бұнымызға Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сендерге осының бәрін біріктіретінді үйретейін бе? Былай деңдер: «Я, Алла, мен Өзіңнен Сенің пайғамбарың Мұхаммад (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), сұраған игілікті сұраймыз және Өзіңнен Сенің пайғамбарың Мұхаммад (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), сыйынған барлық зұлымдығынан сыйынамыз! Көмекті Өзіңнен ғана сұрау қажет, ал дұғаны қабыл етуді Өзің ғана шешесің және Алладан басқа ешкімде күш қуат жоқ!» «Аллаһумма, инни ас’алю-кә мин хайри ма са’аля-кә мин-һу набийу-кә Мухаммадун, салля-Ллаху ‘аляй-һи уа салләма, уа а’узу би-кә мин шарри маста’аза мин-һу набийу-кә Мухаммадун, салля-Ллаху ‘аляй-һи ва салләма! Уа Анта-ль-муста’ану, уа ‘аляй-кә-ль-баләгу уа ля хаулә ва лә қууата иллә би-Ллаһи!» (Тирмизи).

‎اللَّهُمَّ إِنَّا نَسْأَلُكَ مِنْ خَيْرِ مَا سَأَلَكَ مِنْهُ نَبِيُّكَ مُحَمَّدٌ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ، وَنَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا اسْتَعَاذَ مِنْهُ نَبِيُّكَ مُحَمَّدٌ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، وَأَنْتَ المُسْتَعَانُ، وَعَلَيْكَ البَلَاغُ، وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ

ummet.kz

419 - 7