Кітап ғаламдық мәдениеттің бір бөлігі.
Кітап оқу арқылы, адамның дүние танымы кеңейіп, білім-ғылымға деген құштарлығы ашылады
және ақыл-парасат, тіл байлығы, мәдениеттілігі, сыпайлық т.б. адами көркем мінез, ізгі қасиеттер дариды.
Осы қасиеттер дәнін дүниеге шыр етіп келген күннен балаңыздың бойына сіңгенін қаласаңыз, ұлтымыздың бесік жырынан басталатын ертегі-аныздары мен қисса-дастан, жырларын құлағына құйыңыз.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің(с.а.у.) хадисінде:
"Садақаның ең жақсысы - ілім үйреніп оны баскаларға үйретуі",
"Көк пен жердің арасындағы бүкіл тіршілік иелері ілім үйренушіге игі дұға тілейді" деген.
Қазақша аудиокітаптар: Аңыздар. Ертегілер. Батырлар. Жырлар. Проза.