Алашұлы тобы - 2009 жылы негізі қаланған ұлттық дәстүрді ұлықтаған музыкалық топ.
Топ солисттері: Мақсат Рахмет, Атаханов Берік, Рамазанов Ерзат.
Топ продюсері: Назгул Карабалина
Топтың мақсаты – жастардың рухын көтеріп, қазақтың өнерін кеңінен насихаттау әрі жер-жаһанға таныту. Сонымен қатар айтылмай жүрген, ұмыт болып бара жатқан термелер мен жырларды қайта жаңғырту. Топ осыған дейін "Дала даусы" радиофестивалінде "Үздік этно топ", "Саз әлемі" телевизиялық жобасында "Үздік топ" номинацияларының иегерлері, "Turkvision" халықаралық түркітілдес халықтар фестивалінің финалисті, "Астана жұлдызы. Ұлттық музыкалық бәйге" үздігі, "Ұлы дала даусы" фестивалінің финалистері, " Этно World Music Show" фестиваліне Қазақстан атынан қатысты және жыл сайынғы "Жыл таңдауы" номинациясының жеңімпаздары атанды. 2011-2016 жылдар аралығында Ресей Федерациясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Башқұрстан, Қырғыз Республикаларына қазақ өнерін танытып келсе, Туркия және Индия республикасында жеке концерт берді.