Халық даналығы дегенде ең алдымен біз мақал-мәтелдер мен айшықты сөздерді, бата-тілектерді, сондай-ақ, халықтың бай рухани құндылықтарындағы ұлттың ұлағатты сөздерін – ырым сөздерін, тыйым сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, афоризмдерді еске аламыз. Мұның бәрін бір сөзбен «аталар сөзі», «халық даналығы» деп жинақтап айтқан жөн секілді. Расында да, егер даналық сөздерді жеке-дара мән бере талдап көрсек, олардың жайдан-жай айтылмағанына куә болып, ондай рухани-мәдени мұралардың әрбірінің тамыры тым тереңде жатқанын көреміз. Олар ел өмірінің әр кезеңдерінде пайда болып, әрқайсысының өзіне тән қалыптасқан тарихы бар.Атам заманнан бері халықпен бірге жасасып, қатар өмір сүріп келе жатқандай әсер етеді. Қалай дегенде де, қазақ халқы ғасырлар бойы әрбір жаңа буынды осынау байтақ мұра – нақыл сөздермен оқытып, солар арқылы жастарға тәрбие өнегесін беріп келгені даусыз. Бүгінгі күнде де, мақал мен мәтелдердің,нақыл сөздердің тәлім-тәрбиелік маңызы орасан зор.